Subaru жан-жақты қауіпсіздігі. Жаңа краш-тест.
АҚШ жол қауіпсіздігі сақтандыру институты автокөліктердің қауіпсіздігін бағалаудың жаңа әдістемесін енгізді. Жаңа IIHS 2022 краш-тесті әлдеқайда қиындатылды, енді бүйірден тиген соққы имитациясы ретінде салмағы 1905 кг құрайтын, бойы биігірек арба қолданылады, салыстырар болсақ – бұрын ол 400 кг-ға жеңілірек болатын, ал соққының өзі бұрынғы 50 км/сағ-тың орнына 60 км/сағ жылдамдығымен жүзеге асырылады. Осылайша инженерлер үлкен автокөлікпен соқтығысудың симуляциясын жасайды, себебі жолдарда кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктердің саны көбейді және оларға ұшырасу ықтималдығы өте жоғары.
Қиындатылған сынақтардың қорытындылары бойынша бір ғана модель «жақсы» деген ең жоғары бағаға ие болды. Ол біздің SUBARU ұсынған үміткеріміз!
Outback моделінде актив және пассив қауіпсіздік құралдарының толық жиынтығы, соның ішінде мәшинені қосымша екі көзбен және ықтимал қауіп-қатерге жауап қайтарудың жоғары жылдамдығымен жасақтайтын EyeSight жүйесі де бар.
EyeSight жүйесі келесі функцияларды қамтиды:
Артқа жүрген кезде көмектесу жүйесі
Апат алдында акселераторды басқару жүйесі
Бейімделетін круиз-контроль жүйесі
Қозғалыс жолағында ұстау көмекші жүйесі
Шалғай жарықты автоматты түрде басқару жүйесі
Автокөлік артындағы нысандарды анықтау жүйелерінің кешені
Жүргізушінің шаршауын бағалау жүйесі
Апатқа дейінгі тежеу жүйесі
Subaru инженерлері жүргізушіге қауіпті жағдай туралы уақтылы ескертілсе, жол-көлік оқиғаларының көбінің алдын алуға болатынына сенімді, EyeSight жүйесі дәл осыған жауап береді. Тіпті мұндай сақтықта да олар пассивті қауіпсіздік жайлы ұмытқан жоқ, сондықтан күшейтілген қаңқа мен жаһандық модульді платформа тағы бір сақтық шарасының қызметін атқаратын болады.