Global Platform

Жаһандық модульдік платформа

Subaru (SGP) жаһандық модульдік платформасы Subaru автокөліктерінің су жаңа буынының негізінің қызметін атқаратын жоғары технологиялық платформа болып табылады. Жан-жақты қауіпсіздікті және техникалық сипаттамаларды жақсарта отырып, бұл платформа тек Subaru автокөлігінен ғана табуыңызға болатын жүргізуден алынатын бірегей сезімдерді сыйлайды. Бұл жүргізуші мен жолаушылар үшін одан да көп қауіпсіздік пен ләззат алуға арналған Subaru компаниясының болашағы.

  • Көлік жүргізуден көбірек ләззат алу
    : Тез жауап беретін басқарудың арқасында Subaru ұзақ сапарларда да қауіпсіздікті және көлік жүргізуден ләззат алуды қамтамасыз ететін автокөлік болып табылады.
  • Ыңғайлы жүру
    : Шассидің, аспаның және тұрақтандырғыштардың жақсартылған қаттылығы соққыларды тиімді сіңіріп алады және тегіс емес беттерді жасырады, ұзақ сапарлар барысында жайлылық пен аз шаршауды қамтамасыз етеді.
  • Салонда болу жайлылығын сезіну
    Жолаушылар да, жүргізуші де сапардан толық ләззат алуы үшін жағымсыз діріл немесе шуыл азайтылды. Жақсартылған аспа және өте қатты шасси теңдессіз жайлылықты қамтамасыз етеді.
  • Белсенді қауіпсіздік
    Subaru Global Platform арқасында ауырлық орталығын 5 мм-ге төмендетілді. Шанақтың бұралуға қарсы қаттылығын арттыру, аспаны жақсарту және ауырлық орталығының төмендетілуі тұрақтылықты және сәйкесінше қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.
  • Пассивті қауіпсіздік
    Жаңартылған конструкцияның арқасында және жоғары беріктігі бар болаттарды, соның ішінде ыстық қалыптау бөлшектерін қолдану арқылы шанақтың қаттылығын арттыру арқылы шанақ соқтығысқан жағдайда соққы энергиясын 40 %-ға жақсырақ жұтады. Платформаны жаңғырту барысында 2025 жылға қарай пассивті қауіпсіздік саласында әлемдік көшбасшылыққа қол жеткізу мақсатында жаңа материалдарды қолдану есебінен беріктігін одан әрі арттыру жоспарланады.

icon icon icon icon icon

www.subaru-yk.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.