Subaru Boxer

Технологиялар және қауіпсіздік
img
Көлденең-оппозиттік қозғалтқыш

Үшінші буындағы көлденең-оппозиттік 4 цилиндрлі бензин қозғалтқышы Subaru компаниясының қозғалтқыштарды жасаудағы ерекше тәжірибесін көрсетеді. Жаңа қозғалтқыш алдыңғы буынның — ықшамдылық, құрылысының жеңілдігі, төмен ауырлық орталығы және дірілдің төмен деңгейі секілді барлық артықшылықтарын сақтап қалды. Сонымен бірге ол жетілдірілді, соның арқасында жанармай шығыны шамамен 10%-ға (алдыңғы модельмен салыстырғанда) және пайдаланылған газдар шығару деңгейі төмендеді. Сондай-ақ жүріс сипаттамалары жақсартылды.

 

Артықшылықтар

  • Цилиндрлер бір-біріне қарсы көлденең орналасқан кезде поршеньдер қозғалысынан пайда болатын инерция күштері бір-бірін басады. Осының арқасында қозғалтқыш жақсы біркелкілік сипатқа ие және оның діріл деңгейі төмен.
  • Дірілдің төмен деңгейі массасы аз қарсы салмақтарды пайдалану арқылы теңгеруші біліктерді орнатпауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қозғалтқыш аз жанармай жұмсайды және үздік жауап қайтару қабілетіне ие болады. Көліктің тік осіне қатысты инерция аздау болады, бұл басқаруға жауап қату жылдамдығын арттырады. Қозғалтқыштың шағын биіктігі және ауырлық орталығының төмен орналасуы әрекет ету жылдамдығын одан әрі жақсартады және автокөліктің тұрақтылығын арттырады.
  • Цилиндрлердің үлкен диаметрін алу мүмкіндігі спорттық автокөліктер үшін жоғары жылдамдықты қозғалтқыштар жасап шығаруды жеңілдетеді.
  • Көлденең-оппозиттік қозғалтқыштың құрылымы көбірек қаттылық сипатқа ие, бұл қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде механикалық шығындарды азайтады. Осының арқасында қозғалтқыштың ресурсы артады.
 
icon icon icon icon icon

www.subaru-yk.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.